Accessibility links

Жер мәселесін талқылауға он ақын-жазушы жиналды


Ақын-жазушылар (солдан оңға) Әмірхан Меңдеке, Темірхан Медетбек және Мереке Құлкенов. Алматы, 2 мамыр 2016 жыл.
Ақын-жазушылар (солдан оңға) Әмірхан Меңдеке, Темірхан Медетбек және Мереке Құлкенов. Алматы, 2 мамыр 2016 жыл.

Алматыда дүйсенбі күні Жазушылар одағы ғимараты жанында бас қосқан бір топ ақын-жазушы соңғы кезде Қазақстанда ең өзекті тақырыпқа айналған «жер мәселесіне» қатысты ойларымен бөлісті.

Бұған дейін үкімет ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін он жылдан 25 жылға дейін ұзарту туралы былтыр күзде Жер кодексіне енгізілген өзгерістер биыл шілдеден бастап күшіне енетінін хабарлаған

«Он жыл бойы жерді оқсатпаған адам 25 жылда да өнім алып жарытпайды» дейді Темірхан Медетбек. Ал Заря Жұманова «қазақ халқы үшін киелі саналатын жер мәселесін бүкіл қоғам пікірін ескере отырып шешу керек» деген пікір білдірді. Бейбіт Қойшыбай «шетелдіктерге жер беруге қатысты заңдағы қарама қайшы тұстарды» қайта қарауды ұсынады. Жас жазушы Қанат Әбілқайыр «қазір қоғамда қызуы көтеріліп тұрған жер мәселесін одан әрі ушықтырмаудың жалғыз жолы – халық талабына құлақ асу» деп санайды.

Бүгінгі пікір алмасуға Мырзан Кенжебай, Зейнолла Тілеужанов, Мереке Құлкенов, Жұмаш Кенебай және Әмірхан Меңдеке қатысты.

Үкіметтің «жер сату» жоспарына қарсылық білдірген тұрғындар сәуірдің 24-інен бері Қазақстанның бірнеше аймағында наразылық акцияларына шыққан.

Өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «жерді 10 жылға жалға алған адам, әсіресе шетелдік инвестор бұл уақытта салған ақшасын қайтара алмайтындықтан жалға беру мерзімі 25 жылға ұзартылғанын» айтқан. Сонымен бірге ол «жер туралы наразылықтардың» артында «арандатушылар» бар деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG