Accessibility links

Одессадан гранаталар табылды


Одесса алқабында еске алу шараларына жиналғандар мен полицейлер. Украина, 2 мамыр 2016 жыл.

Одесса алқабында еске алу шараларына жиналғандар мен полицейлер. Украина, 2 мамыр 2016 жыл.

Украинаның Одесса қаласы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 2014 жылы 2 мамырдағы ресейшіл және украинашыл демонстранттардың қақтығысында қаза тапқан 48 адамды еске алу шаралары қарсаңында үш қол гранатасын тапқан. Куликова ауданындағы алқап пен Кәсіподақтар үйінің миналанғанын аты-жөнін айтпаған адам телефон арқылы хабарлаған.

Бұдан соң 2014 жылы қақтығыс болған Куликова алқабына кіре берісте гүл, плакат және құрбандардың суреттерін ұстаған 500-ден астамды металл іздегіш құрылғымен тексеріп өткізді. Олар полиция өздерін Кәсіподақтар үйіне кіргізбейтіні белгілі болған соң аспанға қара шарлар мен көгершіндер ұшырды. Қазір алты адам қаза тапқан қақтығыстарға қатысты айыпталған одессалық 20 адамның үстінен сот жүріп жатыр. Тағы 42 адам Кәсіподақтар үйінде болған өрттен қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG