Accessibility links

Хадиджа Исмайылға БҰҰ сыйлығы табысталмақ


Хадиджа Исмайыл.

Хадиджа Исмайыл.

Түрмеде жазасын өтеп жатқан әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайылға "қиын жағдайда баспасөз еркіндігіне қосқан үлесі үшін" БҰҰ-ның баспасөз саласындағы сыйлығы табысталмақ. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының қызметкері Хадиджа Исмайыл өткен айда баспасөз еркіндігіне қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның халықаралық Гильермо сыйлығын иеленген. Сыйлықты тапсыру салтанаты бүгін Финляндияда өтеді.

"Хадиджа Исмайыл бұл марапатқа әбден лайық. Маған оның батылдығы мен кәсіби шеберлігінің мойындалғанын көру - қуаныш" деген сыйлық президенті Лилиана Зуровач. ЮНЕСКО сыйлығының 25 мың АҚШ доллары ақшалай жүлдесі бар. Сыйлық колумбиялық журналист, 1986 жылы Боготода El Espactador газеті редакциясының жанында қастандықтан қаза тапқан Гильермо Кано Исазаның құрметіне тағайындалған.

Хадиджа Исмайыл 2015 жылы қыркүйекте «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деген айыптармен жеті жарым жылға сотталған. Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігі Исмайылды биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің, оның ішінде ел президенті Илхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің «қаржылық қылмыстарға қатысы бар» екені туралы зерттеу материалдары үшін соттады деп біледі.

XS
SM
MD
LG