Accessibility links

АҚШ саяхат кемесі Кубаға барды


АҚШ-тың "Адония" саяхат кемесін қарсы алып тұрған кубалық азамат. 2 мамыр 2016 жыл.

АҚШ-тың "Адония" саяхат кемесін қарсы алып тұрған кубалық азамат. 2 мамыр 2016 жыл.

АҚШ-тың "Адония" саяхат кемесі ондаған жылда бірінші рет Кубаға барып, Вашингтон мен Гавана арасындағы қарым-қатынастың жақсара бастағанын тағы да айғақтай түсті. Гавана портына кірген кемені Куба туын ұстаған жүздеген адам қарсы алды. Бортында 700 жолаушысы бар кеме 1 мамырда Маямиден аттанған.

2014 жылдың соңында АҚШ президенті Барак Обама мен Куба президенті Рауль Кастро қарым-қатынасты қалпына келтіру процесін бастаған. Бірақ Вашингтонның Кубаға салған сауда эмбаргосы әлі күшінде. Наурыз айында Обама соңғы 90 жылда АҚШ президенттері арасында бірінші болып Кубаға барған.

XS
SM
MD
LG