Accessibility links

АҚШ Ресейді журналист Резникті босатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді түрмеде отырған журналист Сергей Резникті босатуға шақырды. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Кирби Вашингтонның жыл сайынғы "Баспасөзге - еркіндік" компаниясы аясында Дондағы Ростов қаласының журналисі, блогер Резникті ерекше айтты.

Сергей Резник 2015 жылы қаңтарда "билік өкіліне тіл тигізіп, жалған құпия ақпарт берді" деген айыппен сотталған. Ол өзіне қарсы іс өзінің коррупция туралы мақаласы үшін қозғалған деп, айыбын мойындамайды.

"Біз Ресей үкіметін Сергей Резникті дереу босатуға шақырамыз" деп мәлімдеді Кирби.

2013 жылы қазанда журналиске қастандық жасалып, тірі қалған. Белгісіз адамдар оны соққыға жығып, қашпақ болғанында атқан. Бірақ қылмыскерлер сол күйі табылмаған. "Билік шабуылды тергеуде алға жылжыған жоқ. Бұл Ресейдегі журналистерге жасалған шабуылдардың жазаланбай қалатынын айғақтайды" деді Кирби.

XS
SM
MD
LG