Accessibility links

Лавров БҰҰ елшісімен Сирия дағдарысын талқылайды


БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура 3 мамырда Сирияда қақтығысты тоқтатып, бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру жайын талқылау үшін Мәскеуге барады.

Мистура Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, халықаралық қауымдастықтың Сириядағы қақтығысты реттеуге қосуы тиіс қосымша шараларын, оның ішінде ұрыс жалғасып жатқан аймақтарда бітім орнату жайын талқылайды.

Мәскеу Сирия үкіметімен және түрлі оппозициялық топтармен тұрақты байланыс орнатқандықтан келіссөзді ары қарай жылжытуға ықпал ете алады. Бірақ өткен айда келіссөз 27 сәуірде нәтижесіз аяқталып, Сирияның ең ірі қаласы - Алеппода қақтығыс күшейген.

Лавров 2 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен күші қайта бастаған бітім жайын талқылап, "Мәскеу мен Вашингтон жасайтын жаңа шаралар жөнінде келіскен".

XS
SM
MD
LG