Accessibility links

Еурокомиссия Түркияға визасыз режим ұсынбақ


Еуропа Одағының кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Түркиядағы босқындар лагерінде.

Еуропа Одағының кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Түркиядағы босқындар лагерінде.

Еуропа комиссиясы Түркия азаматтары үшін Шенген аймағы елдеріне визасыз кіруге рұқсат етуді ұсынбақ. Батыстық басылымдардың Еуропа комиссиясының аты-жөнін атамаған өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ресми ұсыныс ертең жарияланбақ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешімге Анкараның Еуропа Одағымен жасасқан миграциялық келісімнен бас тарту туралы ескертуі себеп болған. Келісім бойынша, Еуропаға Түркия территориясы арқылы барған заңсыз мигранттар Түркияға мәжбүрлі түрде кері қайтарылады.

Түркия азаматтарының Еуропа елдеріне визасыз кіргізу мәселесі Еуропа Одағы (ЕО) елдері арасында кәдімгідей жік тудырып отыр. ЕО Анкараға виза режимін жою үшін 72 талап қойған. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл талаптардың көпшілігі әлі орындалмаған.

Еуропа комиссиясының баспасөз хатшысы өткен аптада Түркияның қойылған талаптарды орындағанын, оның ішінде өзінің еңбек нарығын сириялық босқындарға ғана емес, басқа да босқындарға ашқанын айтқан. Бірақ ЕО-ның визасыз режимнен бас тартуына маңызды себеп Түркияның Кипрді ресми түрде мойындамауы және түрік билігінің "түркиялықтардың құқығы мен еркіндігін шектейтін" қадамдары болып отыр.

XS
SM
MD
LG