Accessibility links

АҚШ сарапшылары: Әлемде діни сенімі бойынша қудалау күшейді


Америка дін бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы (Көрнекі сурет).

Америка дін бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы (Көрнекі сурет).

2015 жылы әлемнің бірқатар елдерінде адамдарды діни сенім бойынша қудалау күшейді деп хабарланды Америка дін бостандығы мәселелері жөніндегі комиссияның жыл сайынғы есебінде. Комиссияны 1998 жылы АҚШ конгресі құрған.

Америкалық үкімет сарапшылары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының христиандар мен басқа да діни азшылық топ өкілдеріне шабуылы, Еуропада еврейлер мен мұсылмандарға төзімсіздіктің күшеюі, Пекиннің түрлі діни конфессия қызметтерін шектеу әрекетін соңғы жылдардағы кері тенденцияға мысал дейді.

АҚШ сынына ұшыраған елдер арасында Ирак, Пәкістан, Египет, Үндістан сияқты одақтас мемлекеттер бар. Бұл елдерде діни азшылықтардың құқығы түрлі дәрежеде бұзылады. Дін еркіндігін ең қатты бұзатын 17 мемлекет арасында Мьянма, Иран, Солтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар. Сарапшылар Ауғанстан, Куба, Үндістан және Ресейді "үкіметтің қатысуымен дін еркіндігі кәдімгідей бұзылып жатқан" елдер қатарына қосқан.

Баяндаманың бір бөлігі Қазақстанға да арналған. "Қазақстан үкіметі халықаралық деңгейдегі "дәстүрлі" діни ұйымдарға қатысты дін еркіндігін қолдаса да, 2015 жылы елдегі дін бостандығы жағдайы нащарлай түсті" дейді бачндама авторлары. Құжатта Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына қатысы бар деген айыппен қуғындалған жиырма шақты адам аталады.

Комиссия есебінде келтірілген мәліметтер мен тұжырымдар АҚШ-тың өз азаматтарының діни құқығын бұзды деп танылған елдерге қарсы санкция мен басқа да айып шараларын көруіне негіз бола алады.

XS
SM
MD
LG