Accessibility links

Түркияда депутатты қудаланудан қорғау құқығынан айырмақ


Түркия парламентіндегі депутаттар жанжалы. Анкара, 29 сәуір 2016 жыл.

Түркия парламентіндегі депутаттар жанжалы. Анкара, 29 сәуір 2016 жыл.

Түркия парламентінің комитеті депутаттарды қылмыстық қудалаудан босату артықшылығынан айыратын заң жобасын мақұлдады. Осылайша конституцияға күрд оппозицияшыл депутаттарына қарсы терроризм айыбы бойынша іс қозғауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге жол ашыла түсті.

Заң жобасы мақұлданатыннан бірнеше сағат бұрын парламентте билік партиясынан сайланған депутаттар мен оппозицияшыл депутаттар құжатты талқылаған жиыннан соң жанжалдасып қалған.

Құжат Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған күрдтерді қолдайтын Халықтық демократиялық партияны (ХДП) тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының оң қолы болып отыр деп айыптаған соң дайындалған. Ердоған ХДП-дан сайланған депутаттарды сотқа тартуға бірнеше рет шақырған.

ХДП-дан сайланған депутаттар жанжалдан соң комитет жиынына қатыспай шығып кеткен. Жанжалдан бір депутат зардап шеккен.

Конституцияға түзету енгізу үшін оны парламенттегі 550 депутаттың кем дегенде үштен екісі, яғни 363 депутат қолдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG