Accessibility links

Қазақстандағы митингілер жайлы мақала Өзбекстанда ашылмай қалды


"Жер сатуға" қарсы митинг. Қызылорда, 1 мамыр 2016 жыл.
"Жер сатуға" қарсы митинг. Қызылорда, 1 мамыр 2016 жыл.

Қазақстандағы жер дауына байланысты өткен митингілер жайлы жазылған кей сайттардың мақалалары Өзбекстанда ашылмай қалғаны хабарланды.

Asiaterra сайтының дерегінше, 29 сәуірде BBC-дің "Қазақстанда Қытай үрейі жұртты көшеге шығарды" деген мақаласы жарияланған "Редактор таңдауы" айдары Өзбекстанда бұғатталып қалған. Ол елде Азаттық пен BBC-дің Өзбек қызметтері сайттарына кіру қиын.

Сәуір айы мен мамырдың басында Қазақстанның бірнеше қаласында үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту жоспарына жаппай және жалғыз кісілік қарсылық акциялары өткен. Жүздеген адам қатысқан митинг Атырау, Семей және Ақтөбеде өткен. Ақтөбе, Жаңаөзен, Қызылорда қалаларында полиция наразыларға "жер мәселесіне қатысты" митинг өткізуге кедергі келтіріп, таратып жіберген.

XS
SM
MD
LG