Accessibility links

Йоханнес Хан: Түркияға виза мәселесінде жеңілдік жасалмайды


Еуропа Одағының кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Азаттықтың Прагадағы студиясында. 3 мамыр 2016 жыл.

Еуропа Одағының кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Азаттықтың Прагадағы студиясында. 3 мамыр 2016 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Ханның сөзінше, Түркия Украина, Грузия және Косово сияқты Еуропамен визасыз режим орнату мәселесінде жеңілдік жасалмайды. Прагада Азаттыққа берген сұхбатында Хан ЕО Анкараның мигранттар мен босқындар ағынын реттеудегі көмегі үшін Түркия азаматтарына виза талабын жоятыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

"Біз барлығымен бірдей қарым-қатынас жасаймыз. Бұл Украинаға да, Грузияға да және Косовоға да бірдей тәсілдер қолданылады деген сөз. Мұның Түркияға да қатысы бар" деді Йоханнес Хан.

Хан бұған қоса визасыз режим орнату "серіктестеріміздің біздің талаптарымызға қаншалықты жылдам жауап беретініне тікелей байланысты" екенін айтты.

Бүгін болжам бойынша Еуропа комиссиясы Түркия кейбір талаптарды орындамағанына қарамастан виза режимін жою шарттарына жауап береді деп жариялауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG