Accessibility links

Жыл басынан бері 18 қазақстандық спортшы допингпен ұсталған


Мельдоний препараты (Көрнекі сурет).
Мельдоний препараты (Көрнекі сурет).

Жыл басынан бері 18 қазақстандық спортшының қанынан допинг табылған. Олардың қатарында мельдоний препаратын қолданғандар да бар. Бұл туралы Азаттыққа Республикалық допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді.

"2016 жылы қазақстандық спортшылардан 960 допинг сынама алынып, тыйым салынған препараттарды қолдануға қатысты 18 оқиға анықталды. Қазақстан спортшылары арасында мельдоний препаратын қолданғаны үшін спорттық жаттығу жұмыстарынан шеттетілген спортшылар бар" делінген ұлттық орталықтың Азаттыққа берген ресми жауабында.

Ұлттық орталық допингпен ұсталған 18 спортшының есімін атаудан бас тартқан.

Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан рұқсат етілмеген препараттар тізіміне енгізілген. WADA (Халықаралық антидопинг агенттігі) жыл басынан бері әлемде 288 спортшы мельдоний препаратын қолданғанын мәлімдеді. Бұл препаратты қолданғандар қатарында әлемнің экс-бірінші ракеткасы, ресейлік теннисші Мария Шарапова бар.

XS
SM
MD
LG