Accessibility links

Португалияда футбол клубтарында тінту болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Португалия полициясы қаржы жымқырды және ресейлік қылмыстық топтармен байланысы бар деген күдік бойынша жүргізіліп жатқан тергеу аясында бірнеше футбол клубында тінту жасады. Португалия бас прокуратурасының мәлімдеуінше, тексеріс барлығы 22 клубта, оның ішінде "Бенфик" пен "Спортингте" жүргізілген.

Португалияның құқық қорғау органдарындағы дереккөзі Reuters агенттігіне тергеу үшінші дивизиондағы ресейлік бизнесмен Александр Толстиковқа тиесілі "Унион де Лейра" командасына қатысты жүріп жатыр. Толстиковтың өзі агенттік қоңырауына жауап бермеген. Клуб басшылығы да бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.

Кейбір мәлімет бойынша, бұл істе тағы бір Ресей азаматы мен екі португалдықтың аты-жөні бар. Толстиков банкрот болған клубты 2014 жылы сатып алған. Бұл клубты бір кездері Хосе Мауриньо жаттықтырған. Өткен жылы клубта ресейлік жеті футболшы ойнаған.

XS
SM
MD
LG