Accessibility links

Тед Круз АҚШ президенті сайлауы бәсекесінен бас тартты


Тед Круз.

Тед Круз.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуден үміткер, Индиана штатындағы партия ішіндегі дауыс беруде түпкілікті жеңілген Тед Круз сайлау бәсекесінен бас тартты. Круздың бас тартуы миллиардер Дональд Трамптың Республикашыл партия атынан президенттікке ұсынылуына іс жүзінде кепілдік береді.

Бұған дейін Трамптың Индиана штатындағы партия ішіндегі дауыс беруде жеңгені хабарланған. Ол республикашыл сайлаушылардың жартысынан көбінің даусын алып, басты қарсыласы, сенатор Тед Кузды үлкен штатта жеңіске жетудегі үмітінен айырған. Круз Индиана штатында жеңсе Трамптың құрылтайда Республикашыл партия атынан президенттікке ұсынылуына қажетті 1238 дауыс жинауына кедергі келтіретін еді.

Трамптың тағы бір қарсыласы, Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик сайлауға түсу күресін партия құрылтайына дейін жалғастыра беретінін мәлімдеген. Бірақ оның мүмкіндігі мүлдем төмен.

Демократиялық партияның Индианадағы партия ішіндегі дауыс беруінде күтпеген жерден Берни Сандерс жеңіске жетті. Бірақ Хиллари Клинтонның бұған дейінгі праймериздер қорытындысы бойынша Демократиялық партиядан кандидат болып ұсынылу мүмкіндігі жоғары.

XS
SM
MD
LG