Accessibility links

Беларусь оппозициясы: "Ночные волки" клубына тыйым салынсын


Беларусь оппозициялық Халықтық майдан партиясының жетекшісі Алексей Янукевич.
Беларусь оппозициялық Халықтық майдан партиясының жетекшісі Алексей Янукевич.

Беларусьтің оппозициялық Халықтық майдан партиясының жетекшісі Алексей Янукевич бас прокуратурадан Ресейдің кремльшіл "Ночные волки" мотоклубын экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салуды ресми түрде талап етті.

Янукевич "Ночные волки" клубының басшысы Александр Залдостанов 30 сәуірде Беларусьте болғанында көпшілік алдында "Беларусь - ол Ресей" деп мәлімдеді дейді. Янукович бұл мәлімдемені "Беларусь егемендігін заңсыз түрде мойындамау" деп атайды.

Халықтық майдан партиясы 3 мамырда таратқан мәлімдемесінде Ресейдің Қырымды заңсыз аннексиялап алғанын қолдайтын және мүшелері Украина шығысында сепаратистер жағында соғысқан клуб Беларусьте бөлімдерін ашқан дейді.

Алексей Янукевичтің сөзінше, топтың Беларусьтегі әрекеті "Беларуське қарсы гибридті соғысқа дайындық" деп бағалауға болады.

АҚШ "Ночные волки" тобының мүшелеріне Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG