Accessibility links

Қарағандыда "экстремистерге қосылмақ болған" адам сотталды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды қалалық соты қала тұрғынын Сириядағы экстремистік топ құрамына қосылмақ болды деп айыптап алты жылға соттады. Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, 34 жастағы Қазақстан азаматы, Ресей тумасы Усман Касумовты сот "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" және "террористік топ қызметіне араласпақ болды" деп айыптаған.

Сот материалдары бойынша, төрт баланың әкесі Усман Касумов өткен жылы күзде қазақ-қырғыз шекарасын бақылау бекетінен тыс жерде жаяу кесіп өтіп, Қырғызстаннан Түркияға ұшып кеткен. Бірақ қыркүйекте ұсталып, Қазақстанға депортацияланған. Сот Усман Касумовтың өзіне тағылған айыпты мойындағанына қатысты мәлімет айтпады.

Сот сонымен қатар Касумовтың дүние-мүлкін тәркілеуге үкім еткен. Үкім заңды күшіне әлі енбеген.

XS
SM
MD
LG