Accessibility links

Атамбаев: ШЫҰ саммитіне қатысуымыз ашық күйі қалады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан делегациясының маусым айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу мәселесі ашық күйінде қалады деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Интерфакс" агенттігіне сұхбатында.

"Бәрін уақыт пен жағдай көрсетеді. Көрші ел шекараның келісілмеген бөлігінде қандай да бір заңға қайшы әрекетті енді жасамайды деп үміттенемін" деді Атамбаев агенттікке.

18 наурызда Жалалабад облысы Ақсы ауданы Чала-Сарт елді мекеніндегі қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген тұсына Өзбекстан жағы 40 әскери қызметкері мен әскери тезникаларын кіргізген еді. Қырғызстан бұған жауап ретінде аймаққа дәл осы шамада әскер мен техника апарған. Сегіз күннен соң келісім нәтижесінде Өзбекстан шекарадан әскерін әкеткен.

XS
SM
MD
LG