Accessibility links

Қырғызстан: Қазақстанға сататын картобымыз таза


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің Қырғызстаннан жеткізілетін картоптан картоп жұмыр құрты түскен оқиға көбейді деген хабарламасын терістеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, бұл жайында Қырғызстанның мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының директоры Қалысбек Жұмақанов айтқан.

Жұмақановтың сөзінше, Қазақстанға экспортталатын картоп арнайы зертханалық тексеруден өткізіледі. "Қазақстан осы жыл басында картобымызда жұмыр құрт бары туралы хабарлаған. Осыған орай біз арнайы зертханалық тексеру жүргіздік. Оның нәтижесінде Қазақстанға таза картоп жөнелтілетіні анықталды" деді Жұмақанов.

Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігі 4 мамырдан бастап Қырғызстаннан картоп жеткізуге уақытша тыйым салған. Министрлік бұған Қырғызстаннан жұмыр құрт түскен картоп тасымалдау оқиғасының жиілегені себеп деген.

Жұмақанов картоп жұмыр құртының Қазақстанға қырғыз картобын кіргізуге тыйым салуға еш қатысы жоғын айтады. Оның пікірінше, Қазақстан өткен жылы картоптан жақсы түсім алғандықтан тыйымды өз нарығын қорғау үшін енгізіп отыр.

XS
SM
MD
LG