Accessibility links

БҚО-да жер мәселесі бойынша "шұғыл желі" ашылды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының билігі облыстық әкімдік жанынан "жер туралы заңнаманы түсіндіретін Call-center", яғни хабарласу орталығын ашқанын хабарлады. Әкімдік хабарласы орталығы "жер туралы мәселелерді түсіндіру үшін" ашылғанын айтады. Әкімдік сайтында әзірге Call-center туралы ақпарат жоқ, шұғыл желі телефоны (8-7112-51-93-72) облыс әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен Азаттыққа Call-center бүгін таңертең жұмысын бастағанын және ол облыстың 12 ауданы мен облыс орталығында қызмет көрсететінін айтты. Орталық құрамына жер қатынастары басқармасының, ауыл шаруашылығы, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі басқарма мамандары кірген.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Жарқын Жұмаділов Call-center облыс әкімдігі құзырына кіретін ауылшаруашылығы жерлері мен жер мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап беретінін, ал республикалық деңгейдегі сауалдар ұлттық экономика министрлігіне жіберілетінін айтты.

XS
SM
MD
LG