Accessibility links

Армения парламентіне Қарабақты мойындау туралы құжат жіберілді


Армения үкіметінің отырысы. Ереван, 5 мамыр 2016 жыл.

Армения үкіметінің отырысы. Ереван, 5 мамыр 2016 жыл.

Армения үкіметі Ереванды Әзербайжанның өзін-өзі жариялап алған Таулы Қарабақ аймағының тәуелсіздігін мойындауға шақыратын заң жобасын мақұлдады. Оппозициялық депутаттар даярлаған заң жобасы парламентке талқылауға жіберілді.

Баку мен Ереван Таулы Қарабақ аймағына қатысты мәселеде жиырма жылдан астам уақыттан бері текетіресіп келеді. Армения қолдайтын сепаратистер 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басындағы соғыстан соң этникалық армяндар басым аймақ тәуелсіздігін жариялаған. Соғыстан 30 мыңнан астам қаза тапқан.

Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін әлемде бір де бір мемлекет мойныдамайды. Халықаралық қауымдастықтың қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу әрекеті сәтсіз аяқталып келеді. Биыл сәуірдің басында Таулы Қарабақта Әзербайжан армиясы мен сепаратистер арасында 1994 жылы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан бергі ең ірі әскери жанжал болған. 5 сәуірде екі жақ ұрысты тоқтату туралы келісім жасасқанмен, тараптар бір-бірін бітімді бұзды деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG