Accessibility links

Алматыда студенттерге "митингіге бармауды" ескерткені хабарланды


Алматылық студенттер (Көрнекі сурет).

Алматылық студенттер (Көрнекі сурет).

Алматыда бірқатар жоғары оқу орындарының студенттеріне қалада жер мәселесіне қатысты өтетін митингіге бармау туралы ескертіп жатыр. Бұл туралы Азаттыққа бірқатар университеттің аты-жөнін атамауды өтінген студенттері хабарлады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің есімін атаудан бас тартқан студенті соңғы бір апта бойы мұғалімдер мен университет басшылығы тарапынан «алаңға бармау» туралы ескерту көп естігенін айтады. Оның айтуынша, жатақханада да күзет күшейген.
- Басшылық әр факультеттің студенттер кеңесінің мүшелерін жинап, алаңға бармауға, митингке шығушыларға қосылмау туралы ескерткен. Студенттер кеңесі жатақханада бізге келіп айтты. Митингке шықсаңдар сессияға кірмейсіңдер деген ескерту алдық, - дейді студент.

Осы университеттің тағы бір студенті Азаттық тілшісіне митингке бармау туралы ескерту алғанын айтты.
- Бір апта болды, ескертуден-ескерту жасап жатыр. Мүғалімдеріміз «арандап қалмаңдар» деп ескертті, - дейді студент.

"Митингіге бармау" туралы ескерту естігендерін Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Азаматтық авиация академиясының студенттері де растады.

Азаттық "ескерту туралы" түсінік алмақ болып аталған университеттер басшылығына хабарласқанымен, басшылығы комментарий беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG