Accessibility links

Түркия премьері Давутоглу отставкаға кетпек


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. Анкара, 5 мамыр 2016 жыл.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. Анкара, 5 мамыр 2016 жыл.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу отставкаға кететінін, биліктегі "Әділет және даму партиясы" басшысы қызметінен де босайтынын хабарлады.

Давутоглу партияның 22 мамырдың өтетін басшы сайлауында кандидатурасын ұсынбайтынын, бұл партияның депутаты ретінде қызмет ете беретінін айтты.

Түркияда соңғы кездері премьер-министр Ахмет Давутоглу мен президент Режеп Тайып Ердоған әлденеше мәселеге байланысты, соның ішінде елдің оңтүстік-шығысындағы күрд жасақтарымен қақтығысты реттеу жайы жөнінде келіспей қалған. Давутоглу күрдтермен келіссөз қайта жандану мүмкін екенін айтқан, ал Ердоған әскери шара қолдануды жақтайды.

Ердоған конституцияға президенттің өкілетін арттыратын түзетулер енгізу керек екенін де айтады.

Ахмет Давутоглу Түркия премьер-министрі қызметін 2014 жылдың тамызынан бері, өзінен дейін 11 жыл бойы түрік үкіметін басқарып келген Ердоған президент болып сайланғаннан бері атқарған.

XS
SM
MD
LG