Accessibility links

Кабулдағы АҚШ елшілігі америкалықтарға ескерту жасады


Ауғанстандағы америкалық әскерилер (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы америкалық әскерилер (Көрнекі сурет).

Кабулдегі АҚШ елшілігі осы аптаның басында Кабулде бір америкалық пен бірнеше шетелдік азаматты ұрлау әрекеті болғанына байланысты АҚШ азаматтарына ескертеу жасады.

АҚШ елшілігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта 2 мамыр күні бірнеше шетелдікті, оның ішінде бір америкалық азаматты ұрлауға әрекет жасау оқиғасы болғаны және шетелдіктерді ұрлау мен кепілге алу қаупі әлі жоғары екені айтылады.

Бұдан бірнеше күн бұрын Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында австралиялық гуманитарлық қызметкер ұрланған.

Ауғанстанда шетелдіктер мен жергілікті азаматтарды ұрлау және кепілге алып ақша бопсалау оқиғалары жиі болады. Өткен айда бұған дейін Кабулде ұрланған жасөспірім баланың қастандықпен өлтірілген денесі табылған соң жаппай наразылық акциялары болған.

XS
SM
MD
LG