Accessibility links

Германияда атыстан үш адам жараланды


Франкфурттегі полицейлер (Көрнекі сурет).
Франкфурттегі полицейлер (Көрнекі сурет).

Германияның Франкфурт қаласында полиция бөлімшесіне жақын маңда көліктен оқ атылып, үш адам жараланды.

BBC-дің мәліметінше, екі адамның жарақаты ауыр. Полиция оқ көліктен атылғанын хабарлаған. Куәгерлер шамамен он шақты рет оқ атылғанын айтады.

"Оқиғаның артында кім тұрғаны әзірге белгісіз. Біз тек бұл іске қылмыстық топтың қатысы бар деп болжап отырмыз" деп хабарлады полицияға сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Оқ атқандар жасырынып үлгерген. Оқиға болған жерді қауіпсіздік күштері қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG