Accessibility links

Лондон мэрі мұсылман болуы мүмкін


Лондон мэрі қызметіне Лейбористік партиядан үміткер Садик Хан.

Лондон мэрі қызметіне Лейбористік партиядан үміткер Садик Хан.

Лондонда 5 мамырда мэр сайлауы өтті. Ұлыбритания тарихында бұл қызметті бірінші рет британдық мұсылман иеленуі мүмкін. Сайлауда жеңістен бірден-бір үміткер Лейбористік партия өкілі, 45 жастағы Садик Хан саналады. Ол Лондон мэрі консерватор Борис Джонсонды алмастыруы ықтимал. Сайлауалды кампаниясында Садик Ханға "экстремизмге қатысы бар болуы мүмкін" және "қоғамдық қауіпті өз мақсатына пайдаланады" деген айып тағылған.

Консерваторлық партия кандидаты Зак Голдсмит сайлауалды кампаниясында Садик Ханды "радикалды" және "қауіпті" деп атап, оны исламшыл экстремистерге "тірек болады, тіпті қорғау жасайды" деп айыптаған. Голдсмиттің пікірін Консервативтік партия жетекшісі, премьер-министр Дэвид Кэмерон, басқа партия өкілдері қоштаған.

Бұрынғы құқық қорғаушы, Пәкістаннан шыққан автобус жүргізушісінің ұлы Садик Хан "барлық лондондықтар мэрі" болуға уәде еткен.

XS
SM
MD
LG