Accessibility links

Шассиі ашылмаған ұшақты қондырған ұшқыш марапатталды


Астана әуежайындағы ұшақ (Көрнекі сурет).

Астана әуежайындағы ұшақ (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Bek Air компаниясының ұшағын апатты жағдайда қондырған ұшқыш пен жаттығу орталығында граната жарылғанда сарбаз өмірін құтқарып қалған әскери қызметкерге "Халық қаһарманы" атағын берді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақстанға сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін" "Fokker-100" ұшағының командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетов "Халық қаһарманы" атағымен марапатталған.

27 наурызда Bek Air әуе компаниясының 2041-рейсімен Қызылордадан ұшып келген Fokker-100 ұшағын экипаж Астана әуежайына алдыңғы шассиі ашылмаған күйі қондырған еді. Ұшақтағы адамдар зардап шекпеген.

Қайрат Үмбетов 7 сәуірде Қарағандыда оқу орталығында граната жарылатын кезде бірер секунд ішінде сарбазды аулақтау жерге итеріп жіберіп, оны денесімен жауып қалған. Осының нәтижесінде граната жарылысынан Үсбетов пен сарбаз жарқыншақ тиіп жеңіл жараланған.

XS
SM
MD
LG