Accessibility links

Ұялы телефон абоненттеріне мораторий туралы СМС келіп жатыр


Ұялы байланыс операторынан келген жер туралы заңның кейбір баптарына мораторий енгізілгені туралы хабарлама. Алматы, 6 мамыр 2016 жыл.

Ұялы байланыс операторынан келген жер туралы заңның кейбір баптарына мораторий енгізілгені туралы хабарлама. Алматы, 6 мамыр 2016 жыл.

Қазақстанда кейбір ұялы байланыс операторларынан абоненттерге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жер кодексінің дау тудырған баптарына мораторий енгізгені туралы хабарламалар түсіп жатыр.

Атап айтқанда, Beeline және Altel операторларының тұтынушыларына "Akorda" атынан келген СМС хабарламада "Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексінің қоғамдық пікір тудырған кейбір нормаларына мораторий енгізді" делінген.

Altel компаниясының баспасөз қызметі Азаттыққа мораторий туралы хабарлама жайлы ақпараттыалдын ала анықтау керегін айтып, жазбаша сауал жолдауды сұрады.

Наурыздың соңында ұлттық экономика министрі Досаев үкімет биыл 1 шілдеден бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын жариялаған еді. Сәуірдің 24-інен бері Қазақстанның бірнеше аймағында үкіметтің «жер сату» жоспарына қарсылық акциялары өтті. Белсенділер 21 мамырда бүкіл ел көлемінде «жер сатуға» наразылық шерулерін өткізетіні туралы мәлімдеген еді.

Ал 5 мамырда Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынында жер туралы кодекстің даулы баптарының күшін 2017 жылға дейін уақытша тоқтатқан. Үкімет жиынында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаев қызметтен босатылып, ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берілген.

Назарбаев үкімет жиынында жер туралы заңдағы даулы өзгерістерді халыққа түсіндіріп, тыңғылықты талқылау қажеттігін айтқан.

XS
SM
MD
LG