Accessibility links

Ауыл шаруашылығы министрі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан президентінің жарлығымен 53 жастағы Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Мырзахметов бұған дейін президенттік «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып істеген.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі қызметінен Асылжан Мамытбековтың босатылғаны туралы хабарланған еді. 5 мамырда Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев оған сөгіс жариялаған. Сол жиында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кеткен. Бүгін ұлттық экономика министрі қызметіне осыған дейін «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарып келген 36 жастағы Қуандық Бешімбаев тағайындалды.

Асқар Мырзахметов бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі, ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшысы қызметтерінде істеген. Асқар Мырзахметовтың інісі Абылай Мырзахметов Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарады.

XS
SM
MD
LG