Accessibility links

Павлодарда журналист Барановқа үкім қашан шығатыны хабарланды


Павлодар қаласында тұратын журналист Александр Баранов. Facebook-тегі парақшасындағы сурет.

Павлодар қаласында тұратын журналист Александр Баранов. Facebook-тегі парақшасындағы сурет.

Павлодарда журналист Александр Барановтың ісі бойынша бүгінгі сот отырысында тараптардың пікірталасы өткен соң қалалық сот судьясы Думан Серікбаев үкім 11 мамырда жарияланатыны туралы хабарлап, сот ісінде үзіліс жариялаған. Бұл туралы Азаттыққа Александр Барановтың өзі және Pavon.kz сайты редакторы Евгений Шультайс хабарлады.

Барановтың үстінен қылмыстық іс «Нефтехим LTD» компаниясының бұрынғы жетекшісі Ерлан Құсановтың жеке шағымы бойынша қозғалған. Арыз иесінің айтуынша, Баранов Facebook желісіндегі парағында жариялаған жазбасында Құсановтың жұмыстан өз еркімен кетуін 2016 жылы қаңтарда аталған кәсіпорында адам қазасы мен бірнеше кісінің зардап шегуіне апарып соққан оқиғамен байланыстырған. Бұған қоса Құсанов өзін журналист «есепке алынбаған өнім шығарған» деп айыптаған деп санайды. Соттағы сөзінде Құсанов «абырой-беделіне нұқсан келгендіктен» әлі күнге жұмысқа орналаса жүргенін айтқан.

Жеке іс бойынша айыптау қортындысында Александр Барановтың қылмыстық кодекстегі «Жала жабу» бабында сипатталған іс-әрекетке барғаны айтылған. Бұған қоса Құсанов Барановтың есебінен моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге (30 мың долларға жуық) өндіріп алу туралы азаматтық талап-арыз берген. Бүгінгі сот отырысындағы пікірталас барысында Құсанов пен адвокаты азаматтық талап бойынша ұстанымдарын қуаттаған. Ал «Жала жабу» бабы бойынша жазалау жөнінде шешім қабылдауды судьяның еркіне қалдыратындарын айтқан.

Александр Баранов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Ол Facebook желісінде Құсанов туралы пост жариялағанын жоққа шығармайды, бірақ оның мазмұны сотта Құсанов «жазбаның скриншоты» деп көрсеткен, «заңды түрде куәландырылмаған көшрмедегідей» емес дейді. Баранов пен қорғаушылары сотқа «Құсановтың потстының скриншоты» деген көшірме көрсетіп, «скриншот көшірмесі деп көрсету – бұлтартпайтын айғақ бола алмайды» деген уәж айтқан.

Жеке сипаттағы айыптау ісі болғандықтан журналист Александр Барановқа қарсы сот процесі прокурордың қатысуынсыз өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG