Accessibility links

"Панама құжаттарын" әшкерелеген адам мәлімдеме жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының 11 миллионнан астам құжатын әшкерелеп, бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған адам егер өзін қорғауға кепілдік берілсе, «Панамагейт» ісі бойынша тергеу орындарына көмектесуге әзір екенін мәлімдеген.

Оның хаты «Панама құжаттарын» алғашқы болып алған германиялық Suddeutsche Zeitunh басылымында жұма күні жарияланған. Өзін Джон Доу (John Doe) деп таныстыратын хат авторы ешқашан қандай да бір барлау орындарына немесе үкіметке жұмыс істемегенін айтқан. Ол қазіргі қоғамда табыстар теңдігінің жоқтығы, асқан байлардың коррупциялық іс-әрекеттері капитализмді күйретіп, революция тудыруы мүмкін деп білетіндіктен құпия құжаттарды әшкерелегенін мәлімдеген.

«Mossack Fonseca фирмасы негізін қалаушылар, қызметкерлері мен оның клиенттері әзірше тек бір бөлігі ғана белгілі қылмыстарда атқарған ролі үшін жауап беруі тиіс деп санаймын, сондықтан олар жайлы айтуды жөн көрдім» деп жазады ол.

Сәуірдің 3-і күні коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының әшкере болып кеткен құжаттары жайлы жариялаған есепте әлем бойынша 20-дан астам бұрынғы және қазіргі президенттердің және 100-ден астам саясаткерлерінің құпия офшорлық есепшоттары туралы ақпарат тарады. «Панама құжаттарында» Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев британдық Виргин аралдарында бірнеше фирманың акционері болғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG