Accessibility links

Вашингтон маңындағы атыстарда екі адам оққа ұшқан


АҚШ полициясы өкілдері оқ атылған маңда тұр. (Көрнекі сурет.)
АҚШ полициясы өкілдері оқ атылған маңда тұр. (Көрнекі сурет.)

АҚШ астанасы маңындағы екі сауда орталығында болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жараланған. Полиция бұл оқиғаларға осыдан бір күн бұрын өз әйелін өлтірген деген күдікке ілінген федералдық полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деген болжам ұстанады.

Полиция АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті офицері Эуалилио Севилья Тордилаға іздеу жариялаған. Ол өз әйелін өлтіріп, жүргіншілерге оқ атқан деген күдікке ілінген.

Жұма күні Вашингтон іргесіндегі Бетездеде «Вестфильд Монтгомери молл» сауда орталығындағы автотұрақта жанжал кезінде атыс қаруынан бір адам қаза тауып, кездейсоқ өтіп бара жатқан екі адам жараланған.

Арада бір жарым сағат өткенде Сильвер-Спрингстегі «Аспен Хилл шопинг сентер» сауда орталығында болған оқиғада бір әйел оққа ұшқан.

Билік орындары жұма күні атыс болған аймақтағы мектептер мен демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын күшейткен.

XS
SM
MD
LG