Accessibility links

Мұхтар Құл-Мұхаммед - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары


Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. Оны жұма күні өткен партия саяси кеңесі бюросының отырысында Назарбаев өзі таныстырды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

55 жастағы Мұхтар Құл-Мұхаммед 2015 жылдың мамырынан бері президент кеңесшісі болып істеген. Оған дейін Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі, мемлекеттік хатшы, Қызылорда облысы әкімі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, президенттің баспасөз хатшысы және өзге де лауазымды қызметтер атқарған, парламент сенатының депутаты болған.

Соңғы кезге дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Асқар Мырзахметовті жұма күні президент Назарбаев өз жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындаған.

XS
SM
MD
LG