Accessibility links

Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші маңынан бірнеше адамды полиция ұстап әкетті


Полиция себебін түсіндірместен ұстап, көлікке салған Азаттық тілшісі Нұртай Лахан полиция өкілінен өзінің не үшін ұсталғаны туралы сұрап жатыр. Алматы, 7 мамыр 2016 жыл.

Полиция себебін түсіндірместен ұстап, көлікке салған Азаттық тілшісі Нұртай Лахан полиция өкілінен өзінің не үшін ұсталғаны туралы сұрап жатыр. Алматы, 7 мамыр 2016 жыл.

Алматыда бүгін Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші жанынан алты адамды полиция өкілдері ұстап әкетті. Азаматтық белсенділер бүгін Тәуелсіздік ескерткішіне бұған дейін өздері өткізбек болған шеруге емес, гүл қою үшін баратындарын мәлімдеген еді. Ұсталғандардың арасында Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлы да бар. Оларды Алмалы аудандық полиция бөліміне апарған, бірақ не үшін ұстағанын түсіндірмеген.

Тілшіміздің хабарлауынша, таңертеңнен ескерткіш жанында жүрген полиция қызметкерлері мен жай киімдегі адамдар сол жерге барған бірен-саран адамға «шеру өткізуге рұқсат берілмегенін» ескертіп, үйлеріне қайтуға кеңес берген. Сонан кейін алаң маңында тұрған бірнеше адамды полиция көлігіне отырғызған. Алмалы аудандық полиция бөлімі ұсталғандарға қатысты Азаттыққа комментарий бермеді.

Азаматтық белсенді Рысбек Сәрсенбайдың Азаттыққа хабарлауынша, бүгін таңертең оның әйелі, белсенді Маржан Аспандиярованы үйінің жанынан полиция ұстап, Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізген.

Бүгін түске дейін өзге де бірнеше адамды үйінен шыға бергенде полиция қызметкерлері ұстап әкеткені туралы азаматтық белсенділер Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

Сәуірдің соңында белсенділер 7 мамырда Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткіші жанында жер мен тілге қатысты тақырыпта бейбіт жиын өткізу туралы қала билігіне өтініш тапсырған. Бірақ әкімдік шеру өткізуге рұқсат бермеген.

Мамырдың 5-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткізген кеңесте елде қарсылық акцияларына түрткі болған жер кодексінің даулы баптарының күшін уақытша тоқтатуға шешім қабылдағанын жариялаған.

Алматыда орталық алаңға барғандарды ұстағаны жайлы видео:

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG