Accessibility links

Ольга Рыпакова Дохадағы жарыста қола жүлде алды


Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова.

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова.

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Дохада өткен Бриллиант лигасының алғашқы кезеңінде қола медаль иеленді.

Үш қарғып секіру бәсекесінде Рыпакованың көрсеткіші 14,61 метр болды. Алтынды колумбиялық Катерин Ибаргуэин (15.04 м) жеңіп алса, күмісті венесуэлалық Улимар Рохас (14,92 м) иеленді.

Ольга Рыпакова 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарының жеңімпазы. Ол биыл Риода өтетін олимпиадаға да қатысады.

Бриллиант лигасы - IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы) ұйымдастыратын бірнеше кезеңнен тұратын коммерциялық жарыс. Бұл сынның келесі кезеңі 14 мамырда Шанхайда өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG