Accessibility links

Алматыда ұсталған белсенділерді полиция босатты


Полиция жасағы Тәуелсіздік ескерткіші жанында ұсталған адамды полиция көлігіне апара жатыр. Алматы, 7 мамыр 2016 жыл.

Полиция жасағы Тәуелсіздік ескерткіші жанында ұсталған адамды полиция көлігіне апара жатыр. Алматы, 7 мамыр 2016 жыл.

Алматыда бүгін Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші жанында полиция ұстап әкеткен белсенділер мен кейбір азаматтар біраз уақыттан соң босатылған. «Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою» акциясы болады деп барғанда ұсталғандардың арасында Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлы да бар. Полиция оны бір жарым сағаттан кейін босатқан. Полиция бөлімінде прокуратура өкілі тілшімізге олар «алдын ала шаралар» барысында ұсталғандарын айтқан.

Бұдан бір күн бұрын Алматыдағы азаматтық белсенділер 7 мамыр күні Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қоюға баратындарын мәлімдеген. Оған дейін белсенділер жер кодексіне енгізілген ауылшаруашылығы жерін жеке меншікке сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруді көздейтін өзгерістерге қарсы наразылық акциясына шықпақшы болған еді. Бірақ, 5 мамыр күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде жаппай наразылық акцияларын оятқан заң өзгерістерін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Президент мораторий жариялағанға дейін елдің бірнеше аймағында «жер сатуға» қарсы жаппай және жалғыз адамдық акциялар өткен. Оларға қатысқан кейбір белсенділер әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG