Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады


Хоккейден Қазақстан құрамасы (көк формада).
Хоккейден Қазақстан құрамасы (көк формада).

Ресейде шайбалы хоккейден ерлер арасында әлем чемпионаты басталды. А тобына түскен Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Швейцария командасымен кездесіп, матчтың негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Роман Савченко мен Роман Старченко бәсекелес команда қақпасына бір-бір шайбадан салды.

Ал буллитте (матчтан кейін жеңімпазды анықтайтын ойын бөлігі) Қазақстан құрамасы швейцариялық ойыншылардан 3:2 есебімен басым түсті.

Қазақстан командасы енді 8 мамырда Ресей хоккейшілерімен кездеседі. Ресей құрамасы алғашқы ойында Чехия командасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. А тобындағы тағы бір матчта Швеция буллит бойынша Латвияны жеңді.

Әр топтан үздік шыққан төрт команда ширек финалға өтеді.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 22 мамырда аяқталады.

XS
SM
MD
LG