Accessibility links

Польшада конституцияны қорғауға арналған жаппай шеру өтті


Конституцияны қорғау шеруіне қатысушылар. Варшава, Польша, 7 мамыр 2016 жыл.
Конституцияны қорғау шеруіне қатысушылар. Варшава, Польша, 7 мамыр 2016 жыл.

Польша астанасында сенбі күні өткен конституцияны қорғауға арналған жаппай шеруге, Варшава мэриясының мәліметі бойынша, 250 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл – Польшада 1989 жылы коммунистік билік жүйесі құлағаннан бері ең көлемді наразылық акцияларының бірі.

«Біз Еуропа құрамындамыз және бола береміз» деген ұранмен өткен шеруді демократияны қорғау комитеті мен оппозициялық күштер бірге ұйымдастырған. «Конституциядан қолыңды тарт!», «Азаттық, теңдік, демократия!» деген ұрандармен шеруге шыққандар биліктегі консервативтік «Құқық және әділет» партиясын елдің демократиялық жолмен дамуын тежеп, Польшаның Еуропа Одағына мүшелігіне қатер төндіріп отыр деп сынаған. Мұндай саясат Польшаны қайтадан Ресей ықпалындағы елге айналуға итермелейді деп санайды наразылар.

Бұған дейін билік партиясының Польшаның сот жүйесі мен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын тікелей бақылауына алуға бағытталған іс-қимылдары Еуроодақ тарапынан да сынға ілінген. Бақылаушылар консерваторлық үкімет жүргізіп отырған саясат бұл елдің Еуропа Одағындағы дауыс беру құқығын тоқтатуға апарып соғуы мүмкін екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG