Accessibility links

Иран Сирияда 13 әскери қызметкері қаза болғанын растады


Көне Алеппо қаласының қазіргі көрінісі. Сирия, 5 мамыр 2016 жыл.
Көне Алеппо қаласының қазіргі көрінісі. Сирия, 5 мамыр 2016 жыл.

Иран билігі Сирияның Алеппо қаласы іргесіндегі шайқас барысында 13 әскери қызметшісі қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Осылайша, Иран әскерилері Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетуге барғалы бері ең көп мөлшерде сарбаздарынан айырылып отыр.

Иранның Fars ақпарат агенттігі 7 мамырда Ислам революциясы сақшылары шенеунігінің содан бір күн бұрын Алепподан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 15 километр жердегі Хан-Түменде исламшылар жасағымен қарулы шайқас кезінде ирандық 13 әскери қаза тауып, тағы 21 жауынгер жараланғаны туралы айтқанын хабарлаған.

Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, ол шайқаста ондаған адам қаза тапқан. Хан-Түменге шабуылды исламшыл көтерілісшілердің «Жайш әл-Фатх» және «әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «әл-Нусра майданы» тобы бірге бастаған. «Жайш әл-Фатх» пен оның бөлімшелері әлеуметтік желілерде Хан-Түменде қаза тапқан ирандықтар мен өзге шиит жасағы мүшелері деп сипатталған адамдардың денелері бейнеленген видеолар мен суреттер жариялаған.

Бұған дейін АҚШ пен Ресей Алеппо қаласындағы атысты тоқтату туралы келісімге келген. Бірақ, қаладан оңтүстікке қарай орналасқан ауылдық жерлерде соңғы күндері шайқас үдеп кеткен.

XS
SM
MD
LG