Accessibility links

Ватикан: Рим папасы «Георгий лентасы» жайлы хабарсыз болған


Ресей мемлекеттік думасы депутаты Павел Дорохиннің (оң жақта) Рим папасы Францискке (сол жақта) «Георгий лентасын» тапсырған сәті.
Ресей мемлекеттік думасы депутаты Павел Дорохиннің (оң жақта) Рим папасы Францискке (сол жақта) «Георгий лентасын» тапсырған сәті.

Ватикан Рим папасына ресейлік делегация мүшелері тапсырған «Георгий лентасына» қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Ватикан радиосы.

Рим католик шіркеуі баспасөз орталығының жетекшісі Федерио Ломбарди ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары бейсенбі күні Ватикан басшысының қабылдауында болған Ресей мемлекеттік думасындағы коммунистік партия фракциясы мүшесі Павел Дорохиннің Рим папасына «Георгий лентасын» тапсырғаны туралы хабарлағанын еске салған.

Ломбардидің түсіндіруінше, бұрынғы Совет одағы кеңістігінен тыс жердегі жұртқа белгісіз «Георгий лентасының» мән-мағынасынан Рим папасы Франциск те хабарсыз болған. «Мұндай нәрселер папа қабылдауы кезінде жиі болып жатады және келген қонақтардың қандай ниет-мақсат көздегенін алдын ала дөп басып болжау мүмкін емес» деп хабарлайды Ватикан радиосы.

XS
SM
MD
LG