Accessibility links

ЕО Беларусте өлім жазасы үкімінің орындалуына алаңдаушылық білдірді


Ортасына өз елінің атауы жазылған Еуропа Одағы туын ұстап тұрған беларус белсендісі. Минск, 11 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ортасына өз елінің атауы жазылған Еуропа Одағы туын ұстап тұрған беларус белсендісі. Минск, 11 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Еуропа Одағы Беларус елінде өлім жазасына кесілген адамға сот үкімі орындалғаны туралы хабарға байланысты алаңдаушылық білдірді. ЕО сенбі күні таратқан мәлімдемеде беларус соты өлім жазасын тағайындаған Сергей Ивановтың шағымын БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитеті қарауға қабылдап алғанына қарамастан, оған шығарылған үкімнің орындалуы «ерекше қайғылы жайт» екені айтылған.

Сонымен бірге Еуроодақ Беларус жоғарғы соты 6 мамырдағы шешімінде Сергей Хмелевскийге шығарылған өлім жазасы туралы үкімді күшінде қалдырғанын атап өткен.

ЕО мәлімдемесінде 28 мемлекеттің басын біріктірген одақ өлім жазасын қолданудан бас тартудың алғашқы қадамы ретінде ғаламдық деңгейде оған мораторий жариялағандар қатарына Беларус те қосылады деп күтетінін айтқан.

Қазіргі уақытта Беларус Еуропа елдері арасында өлім жазасын қолдануды жалғастырып келе жатқан жалғыз мемлекет болып отыр.

XS
SM
MD
LG