Accessibility links

Ресейде Қазақстан арқылы Түркиядан жеткізілген көкөністер жойылды


Түркияның Анталиясындағы базарлардың бірінде жәшікке қызанақ салып жатқан әйелдер. (Көрнекі сурет.)

Түркияның Анталиясындағы базарлардың бірінде жәшікке қызанақ салып жатқан әйелдер. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Орынбор облысы Соль-Илецк қаласында Қазақстан арқылы жеткізілген түркиялық көкөніс – 19,5 тонна қызанақты «трактордың табанына салып мыжып, тұрмыстық қатты қалдықтармен араластырып» жойған. Бұл туралы ақпарат «Россельхознадзор» мекемесі сайтында жарияланды.

Ресей аумағында тыйым салынған көкөніске байланысты әкімшілік құқық бұзу бабымен іс қозғалған. Бұған дейін «Россельхознадзор» мекемесі Ресейдің Кубань аймағына Польшадан жеткізілген 20 тонна алманы жойған еді.

Ресей үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағына Түркиядан жеміс-жидек пен көкөністің бірқатар түрлерін енгізуге тыйым салған. Олардың арасында: жүзім, алма, алмұрт, сары өрік пен қара өрік, шабдалы, құлпынай, бүлдірген, қызынақ, пияз, түсті капуста, брокколи, қияр және т.б. бар. Сонымен бірге тауық пен күркетауық еттерін, тұз және қалампыр апаруға да тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG