Accessibility links

Ауғанстанда «Талибанның» алты өкіліне өлім жазасы орындалған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауғанстанда өлім жазасына кесілген «Талибан» қозғалысының алты өкіліне шығарылған үкім бүгін орындалған. Бұл туралы билік орындары хабарлады. Бұл Ашраф Ғани ел президенті болып сайланған 2014 жылдан бері Ауғанстанда сот үкімімен шығарылғанбойынша өлім жазасының алғаш рет орындалуы.

Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, өлім жазасы туралы сот үкімі Кабул түрмесінде орындалған.

«Ауғанстан конституциясына сәйкес, Ғани азаматтарға және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ауыр қылмыстар жасауға әзірленген алты терроршыға шығарылған өлім жазасын мақұлдады» делінген Ауғанстан прездиенті кеңсесі таратқан хабарламада.

«Талибан» қарулы жасағы өткен айда Кабулға шабуыл жасағаннан кейін Ашраф Ғани оларға қарсы ұстанымын қатайтқан. Ол шабуылдан 64 адам қаза тауып, 340 адам жараланған.

Ғани «Талибан» тобына қарсы қатаң іс-қимылдар қабылдау, содырларды жазалауды күшейтіп, сотталғанғандарға шығарылған өлім жазасын қолдануға уәде еткен.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Ашраф Ғаниді өлім жазасын орындауға келісім бермеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG