Accessibility links

Назарбаев Мәскеуде Жеңіс күніне арналған парадқа қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 71 жылдығына арналған Мәскеудегі әскери парадқа қатысады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Жексенбі күні Ресей астанасына барған Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық жайын, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаған. Нұрсұлтан Назарбаев биыл жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті және ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін атап өткен.

– Биыл күн тәртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқымды. Қазіргі күрделі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ қалыпты режимде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жатқан қиындықтарды еңсеруге болады, - деген Назарбаев.

Қазақстан президенті ресейлік әріптесін жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтаған. Путин жеңіс мерекесіне арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Назарбаевқа алғыс айтқан.

XS
SM
MD
LG