Accessibility links

АҚШ аукционында Гитлер мүсіні 17,2 миллион долларға сатылды


Италиялық мүсінші Маурицио Каттеланның «Ол» деп аталатын шығармасы.
Италиялық мүсінші Маурицио Каттеланның «Ол» деп аталатын шығармасы.

8 мамырда Нью-Йорк қаласындағы аукционда нацистік диктатор Адольф Гитлер тізерлеп, мінәжат етіп отырған кейіпте бейнеленген қазіргі заманғы мүсін 17,2 миллион долларға сатылған.

Мүсін авторы 55 жастағы италиялық суретші Маурицио Каттелан үшін бұл рекордтық сома. 2001 жылы жасалған «Ол» деп аталатын шығарма ту сыртынан қарағанда тізерлеп отырған балаға ұқсайды. Бірақ, мүсіннің бет-әлпетінен суретшінің ницистер көсемі Гитлерді бейнелегеніне көз жеткізуге болады.

Каттеланның бұған дейінгі бір туындысы аукционнан 7,9 миллион долларға сатылған.

XS
SM
MD
LG