Accessibility links

Назарбаев Мәскеудегі парадқа қатысты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі парадта. 9 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі парадта. 9 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 71 жылдығына арналып Мәскеуде өтіп жатқан әскери парадқа қатысып отыр.

Мәскеудегі парадқа 10 мың әскер, 135 соғыс көлігі, 71 ұшақ пен тікұшақ келген.

Қазақстан президенті Ресей астанасына жексенбі күні барған. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаған. Назарбаев Путинді жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтаған. Путин жеңіс мерекесіне арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Назарбаевқа алғыс айтқан.

9 мамыр - Жеңіс күні Мәскеуде өткен әскери парад видеосы:

XS
SM
MD
LG