Accessibility links

Алматы ипподромында бәйге өтті


Ипподромда ат жарыс өтті. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.

Ипподромда ат жарыс өтті. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.

Алматы ипподромында 9 мамыр – жеңіс күніне орай ат бәйгесі өтті.

2016 жылдың алғашқы бәйгесі ретінде ұйымдастырылған ат жарысына Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстары мен Алматы қаласынан жүйріктер қатысты. Шараны ат спорты федерациясы мен ұлттық спорт түрлері федерациясы ұйымдастырған.

Аумағы 42 гектар жерді алып жатқан Алматы қалалық ипподромы 1930 жылы салынған. 2011 жылы жеке адамның қолына өткеннен кейін "ипподром бұзылып, орнына сауда орталығы салынады" деп хабарланған. Бірақ өткен жылы тамыз айында Алматы қалалық әкімшілігі ипподромды мемлекет меншігіне қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG