Accessibility links

Мәскеуде Немцов "мемориалын" бұзды


Мәскеудегі оппозиционер Борис Немцов оққа ұшқан жер. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі оппозиционер Борис Немцов оққа ұшқан жер. (Көрнекі сурет)

Ресей астанасы Мәскеуде 9 мамырға қараған түні Большой Москворецкий көпіріндегі оппозиционер Борис Немцов оққа ұшқан жерге қойылған халықтық мемориалды күзетіп тұрған екі белсенді ұсталды деп хабарлайды «ОВД-Инфо».

Порталдың дерегінше, Китай-город аудандық ішкі істер басқармасы ұсталған белсенділерді бүгін таңертең босатқан.

«Гормост» бюджеттік мекемесінің өкілдері мемориалдағы гүлдер мен Немцовтың суретін алып тастаған.

Мәскеу көпіріндегі халықтық мемориал оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы 28 ақпанда оққа ұшқан соң пайда болған. Оны содан бері бірнеше рет бұзып, күзетіп тұрған кезекшілерді тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG