Accessibility links

Түркіменстанда қырғыз елшілігі қызметкері ұсталған


Түркіменстандағы Фарап өткізу пункті

Түркіменстандағы Фарап өткізу пункті

"Түркіменстанда контрабандалық әрекетке байланысты ұсталған адам ондағы қырғыз елшілігінің қызметкері екені рас" деп мәлімдеді Қырғызстан сыртқы істер министрлігі.

Министрлік дерегінше, елшіліктің техникалық қызметкері, 36 жастағы Манас Осмонов елінен өз көлігімен басшыларының рұқсатынсыз кетіп бара жатқанда Түркіменстан тарапынан ұсталған соң жұмысынан босатылған.

Бұған дейін Түркіменстан ақпарат құралдары 17 сәуірде Фарап өткізу пунктінде ұсталған Манас Осмоновтың Toyota Highlander көлігінен аса ірі көлемде сигарет табылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG