Accessibility links

«Панамагейт» әшкерелеген мыңдаған дерек интернетке шықты


Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының атауы жазылған тақтайша.

Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының атауы жазылған тақтайша.

«Панамагейт» аталып кеткен офшорлық іс-әрекеттерге қатысты іс жаңа деректермен толықты. 200 мыңнан астам офшорлық компаниялар туралы ақпаратты интернеттегі offshoreleaks.icij.org деген мекен-жай бойынша іздеп табу болады. Онда панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының әшкереленіп кеткен миллиондаған құжаттарынан алынған деректер жарияланған.

Әлемнің әр түкпіріндегі ондаған тілші мен редакторлардың басын біріктірген халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) осы кезге дейін «Панама құжаттары» жайлы мақалалар тізбегін жариялап үлгерді. Олар әлем бойынша ондаған саясаткер, шенеуніктер, өнер жұлдыздары мен спортшылардың құпия болып келген активтері туралы мәліметтерді жария етті.

Халықаралық консорциум өзі жүргізген зерттеу жұмыстары арқылы бай адамдарға салықтан жалтаруға, жемқор шенеуніктерге заңсыз табысын жасыруға мүмкіндік беретін банк жүйесіндегі офшорлық механизмдерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару мақсатын көздейтіні жайлы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG