Accessibility links

АҚШ: Ирактың Анбар провинциясында ИМ басшысының көзі жойылды


Ирактағы ИМ экстремистік тобы басшысы Әбу Уахиб делінген адамның бейнесі бар видеодан скриншот.

Ирактағы ИМ экстремистік тобы басшысы Әбу Уахиб делінген адамның бейнесі бар видеодан скриншот.

АҚШ билігінің хабарлауынша, халықаралық коалиция күштерінің соққысы нәтижесінде Ирактың батысындағы Анбар провинциясында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының басшысы Әбу Уахиб қаза тапқан.

Пентагон баспасөз хатшысы Питер Кук Әбу Уахиб және тағы үш адам 6 мамыр күні әуеден жасалған шабуыл барысында өздері отырған көлігімен қоса жойылған деді. Куктың айтуынша, бұрын «Әл-Қаида» террорлық ұйымының мүшесі болған Әбу Уахибтің бейнесі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының адамдарды өлтіріп жатқан сәті түсірілген видеоларда кездеседі.

Осылайша Пентагон бұған дейін тараған хабарларда Ирактағы әуе шабуылының нысанасы – Әбу Уахиб болған деген ақпаратқа қатысты алғаш рет комментарий берді. ИМ экстремистері Ирак пен Сирияның ауқымды бөлігін басып алған 2014 жылдан бері АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Иракта ИМ-ге қарсы әуе операцияларын жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG